Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы жарияланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап жазады.
Агенттіктің хабарлауы бойынша, тиісті бұйрыққа 7 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қол қойды.
Бұйрыққа сәйкес, Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 2024 жылғы 7 ақпанға ел Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауды және оларды Әзербайжан Республикасының сайлау кодексінде белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу