Мұндай бауырмалдықты әзербайжандық кәсіпкер Амиль Юсифов жасап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына Алматыдағы жаңа тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі 5 пәтердің кілтін табыс етті.
Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы құтқарушыларға 3 жаңа көлік, аурухана мен жедел жәрдем станциясына қажетті жабдықтар сыйға тартты.
"Бұл оқиға бүкіл әлемге біздің бауырлас халық екенімізді тағы бір мәрте паш етті. Бұл жай ғана сөз емес, Ақтауда өз көзімізбен сезінген бауырмалдықтың шынайы көрінісі", – деді Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Агалар Атамоғланов.
Ол кәсіпкерге Әзербайжан мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты дамыту мен нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін елшілік атынан алғыс хат табыс етті.