Әзірге балабақшалар ашылмайды

988

Мекемелердің санитарлық дайындығы пысықталады.

Әзірге балабақшалар ашылмайды

Бақытжан Сағынтаев "төтенше жағдай аяқталып, ата-аналардың жұмысқа шыққанына қарамастан бөбекжайлар неге ашылмайды?" деген алматылықтардың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

"Балабақшаларға байланысты сұрақтар жиі жолданады. Жуырда Жетісу ауданында болдым. Сол жердегі балабақшалардың біріне барып қайттым. Сапар барысында мекеме меңгерушісінен бала қабылдауға қаншалықты дайын екенін сұрадым. Балабақша 160 адамға есептелген. Егер таңертең бірден 160 бала келсе, олар не істейді? Жұмыс барысы туралы ешқандай түсінік жоқ. Мұндай жағдай барлық мемлкеттік, жекеменшік бөбекжайда қалыптасқан", – деген шаһар басшысы балалардың денсаулығына қатер төндірмеу керек деп есептейді.

"Жетекшілер мен меңгерушілерді толық үйреткенше, балабақшалар ашылмайды. Шетелде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін орындықтарды еденге шегелеп тастайтынын көріп отырмыз. Бізде мұнай шаралар қабылданған жоқ. Сондықтан барлық қызметкерлерді дайындап, тексеруіміз керек. Бұл дүкенге барып-келу сынды оңай шаруа емес", – деді Алматы әкімі.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 19 наурызында мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысымен елдегі барлық балабақшалар жабылған болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу