Әзірге Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге негіз жоқ – Ералы Тоғжанов

1343

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласы атауын өзгерту туралы пікірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әзірге Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге негіз жоқ – Ералы Тоғжанов

“Мен әзірге атауды өзгертетіндей, ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын” – деп қысқа жауап берді ол.

Айта кетейік, 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланған сәтте астана атауын "Нұр-Сұлтан" деп атауды және облыс орталықтарындағы басты даңғылдарды экс-президент Назарбаев атымен атауды ұсынып, ұсыныс жан жақты қолдау тапқан. 

Бүгінде қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президент аты берілген нысандар мен өзге де дүниелерді қайта өзгерту үрдісі басталы келе жатқаны байқалады. Мысалы, "Тұңғыш Президенті-Елбасының мемлекеттік стипендиясы" енді басқаша аталады. Атауын өзгерту туралы жоба "Ашық НҚА" сайтында қоғам талқылауына жарияланды. Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған қаласындағы Назарбаевқа салынған ескерткіш құлатылғаны да белгілі.

Тасқын Болатұлы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу