Азия аймағында әуе тасымалына сұраныстың қарқынды өсуі байқалады

Сұранысты қанағаттандыру мақсатында инвестор тарту көзделген. 

Азия аймағында әуе тасымалына сұраныстың қарқынды өсуі байқалады Фото: inbusiness.kz

IATA деректеріне сәйкес, Азия аймағында әуе тасымалына сұраныстың қарқынды өсуі байқалады (+63% 2023 vs 2022). Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан айтты.

"Қазақстанның әуе тасымалдау нарығында жолаушылар ағыны жылдан жылға қарқынды түрде ұлғайып келеді (2022 жылы 11 млн және 2021 жылы 9,4 млн немесе +17%). Мұндай көрсеткіштерге негіз болып отырған келесі факторларды атауға болады: Қазақстанның көпвекторлы және либералды халықаралық саясатты қолдауы нәтижесінде халықаралық әуе тасымалының ұлғаюы; Астананың Орталық Азияның қаржы орталығы ретінде белсенді дамуы, сондай-ақ еліміздегі негізгі қалалардың арасындағы қашықтықтың негізінде ішкі рейстерге деген сұраныстың артуы мен туризмді дамыту", – деді спикер.

2015 жылы іргесі қаланған QAZAQ AIR жаңа әуе компаниясы 2022 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайдаға қол жеткізе отырып, Қазақстан Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес Qazaq Air-ді 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр.

Жекешелендіруді "Самұрық-Қазына" АҚ Қазақстандық Ұлттық әл-ауқат қоры атынан авиакомпанияның жалғыз акционері жүргізеді.

Еске сала кетсек, компания тұрақты ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсететін, пайдаланушы сертификаты бар Қазақстанның үш ірі коммерциялық әуе компаниясының бірі болып табылады. Әуе компаниясы IATA ресми мүшесі болып табылады және IOSA халықаралық өндірістік қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған. Оның әуе кемелеріне желілік қызмет көрсету бойынша сертификатталған станциясы және авиациялық оқу орталығы бар. Шекаралас елдерге халықаралық авиарейстерді қоса алғанда, Астана қаласында базасы бар хабтық маршруттық желіге қызмет көрсетеді. 2021-2022 жылдары әуе компаниясы Skytrax халықаралық рейтінгісі бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік үш өңірлік әуе компаниясының қатарына енді.

"Активті жекешелендіру "Самұрық-Қазына" АҚ-ның активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік байқау әдісімен жүргізіледі. Өтінімдер 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады", – деп атап өтті Салтанат Сәтжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу