"Азия алыбы" әдеби сыйлығын тағайындау қажет"

947

Елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр.

"Азия алыбы" әдеби сыйлығын тағайындау қажет"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Азия алыбы" әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.

"Біріншіден, Азия елдері жазушылары форумы шығармашылық қоғамдастық үшін маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шараны Азияда қарқынды өткізу керек деп санаймын", – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Сұлтанда өтіп жатқан Азия елдері жазушыларының бірінші форумында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы бүкіл адамзатқа қатысты күрделі мәселелер осындай алаңдарда талқылануы керектігін атап айтты.

"Азияны рухани дамудың жаһандық орталығы ретінде дамыту өте маңызды. Сондықтан басты міндеттердің бірі – әдеби процестерді жаңғыртуға жағдай жасау. Осы мақсатта "Азия алыбы" әдеби сыйлығын тағайындау қажет. Оның мәртебесін әлемге әйгілі марапаттар деңгейінде көтеру үшін бар күшімізді салуымыз қажет", – деді Президент.

Айта кетейік, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр.  Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинаты қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу