"Азия Авто" 10 жылда мемлекеттен 327 млн доллар көмек алған

1800

Мәселе еңбек ұжымының пайдасына шешілмек. 

"Азия Авто" 10 жылда мемлекеттен 327 млн доллар көмек алған

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов "БИПЭК Авто" компаниясы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арасындағы дауға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы кездері Балушкин мырзамен екі рет кездестім. Бірінші кезекте бұл проблеманың заңдық қыры бар. Осыған байланысты Индустрия министрлігі мен осы кәсіпорын арасында сот болып жатыр. Бұл істің заңдық жағы, өкінішке қарай, кәсіпорынның пайдасына қайшы болып отыр. Өйткені өзінің мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындамаған. Мемлекет бұл мәселеде қандай бағыт ұстанып отыр десек, кейінгі 10 жылда компания жеңілдіктер мен қолдау түрінде 327 млн доллар алған", - деген аймақ әкімі компания басшылары әкімдіктің ұсыныстарымен келіспей отырғанын айтты.

"Біздің бұған көзқарасымызға келсек, қайшылықты жағдай барынша жылдам шешілгеніне мүдделіміз. Менің орынбасарым  Шәкәрім Бұқтұғұтов осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін жол картасын бекітті. Әзірге ол карта "БИПЭК Авто" тарапынан қолдау тапқан жоқ. Біз компанияның ахуалын ғана емес, барлық технологиялық түйткілдерін де біліп отырмыз. Әзірге компаниядан түсетін салық азайған жоқ. Нақты жағдайға қарай жылжып, жұмыс істейміз. Кәсіпорынды  тоқтатуға дейін жібермейміз деп ойлаймын. "Азия Авто" тарапынан да, өзге де органдардың тарапынан да әлсіз тұстар бар екенін көріп отырмыз. Біздің міндетіміз – осы проблеманы ең әуелі еңбек ұжымының пайдасына шешу. Кәсіпорын иелерінің емес, еңбек ұжымының пайдасына шешуіміз керек", - деді әкім.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу