"БИПЭК Автоның" ресми парақшасы мен "Азия Авто" зауытындағы қызметкерлер профилінде конвейердің тоқтағаны туралы хабарланды. Жұмысшылар машина құрастырудың орнына, дене шынықтырумен айналысып қазіргі жағдайға байланысты нарызылықтарын білдіруде.
Компанияның мұндай қадамға баруына ИИДМ-мен арадағы бірнеше айға созылған дау себеп болды. Билік көлік құрастырушыларға жеңілдік беретін келісімді бұзған. Шарт бойынша компания майда торапты әдіспен машина құрастыруға міндеттелді. Ол үшін арнайы зауытта та салына бастаған, алайда мерзімі жетсе де, оның құрылысы аяқталар емес.
Министрлік зауыт мамандарының әрекетіне қатысты пікір білдірмеді, бірақ ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеме жасаған. Оның сөзінше, "Азия Авто" 10 жылда қолдау түрінде 327 млн доллар алып, өз уәделерін орындамады.
Билік пен кәсіпорын арасындағы келісімшарт бойынша, "Азия Авто" 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін SKD технологиясынан арылып, майда торапты әдіспен көлік құрастыратын зауыт ашуға міндеттелген. Ал 2020 жылдың 1 сәуірінде жаңа цехтердің жұмысы жайында есеп беруге тиіс еді.
Таяуда кәсіпорын басшысы Балушкин тікелей эфирде мәлімдеме жасап, жеңілідік жасайтын келісімшарт бұзылғаны үшін билікке өкпесін айтты.
Қазір жұмысы тоқтаған қызметкерлер #народномуавтомобилюбыть деген хаштегпен зауытты "көңілді" видео түсіріп әлеуметтік желіні "жарып" жатыр.
Олжас Оқас