Азия бокс конфедерациясы дәстүр бойынша жыл қорытындысын жариялап, үздіктерді анықтады деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі координаторы Аслан Игубаев жылдың үздік супервайзері болып танылды.
Оған ұйым мүшелерінің 34,7 пайызы дауыс берген. Үздік үштікке Индонезия өкілі Шелли Шеловати Соджоно мен сириялық Мохаммед Камел Шбиб енген.
Еске сала кетейік, Аслан Игубаев 2017 жылы да үздіктер қатарынан көрінген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу