Кеше бокстан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері аяқталды. Бұл айналымға дейін Қазақстан құрамасының жеті боксшысы сүрінбеген болатын. Өкінішке қарай, үш спортшымыз турнирді қола жүлдемен аяқтап, алтынға барар жолда жеңіліс тапты, деп хабарлайды olympic.kz.
Бүгін сағат 12.00-де Азия чемпионатының финалдық кездесулерінде шаршы алаңға шығатындар:
60 келі. Зәкір Сафиуллин - Цендбаатар Эрденебат (Моңғолия)
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет – Ашиш Кумар (Үндістан)
81 келі. Бек Нұрмағанбет - Джон Нобель Марвин (Филиппин)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалолов (Өзбекстан)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу