Азия чемпионаты: Байдаркада есуден Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

935

Бұл күндері Бангококта байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Азия чемпионаты: Байдаркада есуден Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Байдаркада есуден Қазақстан қоржыны қос күміспен толықты. Жарыстың кезекті күнінде ерлер арасында 500 м есуден Сергей Токарницкий күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 500 м қашықтықта екеулік байдарка бойынша Ольга Сурмина мен Маргарита Торлопова күміспен күптелді. 

Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілік 27 наурызға дейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу