Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында үшінші алтын медаль

578

Финалдық кездесу 5:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында үшінші алтын медаль Фото: Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Күрестен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әйелдер арасындағы жарыста 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жәмила Бақбергенова жапондық Сумире Ниикураны ұтып, Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Финалдық кездесу 5:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Бұл біздің палуандарымыздың Азия біріншілігінде алған үшінші алтын медалі. Осыған дейін Эльмира Сыздықова мен грек-рим стилінің балуаны Ибрагим Магомадов Азия чемпионы атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу