Қазақстан құрамасының спортшылары жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салуда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың кезекті күнінде шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов жеңісті жолын жалғастыруда. 52 келіде жұдырықтасқан ол Шри-Ланка өкілі Ласинда Эранданы 5:0 есебімен жеңді.
69 келідегі құрама үздігі Абылайхан Жүсіпов ширек финалда тартысты жекпе-жек көрсетті. Жергілікті боксшы Хусейн Аль-Кандариді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген ол жартылай финалға шықты.
Одан кейін Дубай шаршы алаңына шыққан қазақстандық Әбілхан Аманқұл да командаластарының ізін жалғады. 75 келіде сынға түскен ол үндістандық Ашиш Кумарды 3:2 есебімен ұтты.
Ал 81 келіге дейінгі салмақта Бекзад Нұрдәулетов қарсыласына жол берді. Ширек финалда ирандық Мейсама Гешлагимен кездескен ол 4:1 есебімен қарсыласынан ұтылды.