Қазақстан командасы сапынан ең соңғы болып шаршы алаңға Әбілхан Аманқұл шыққан болатын. 75 келідегі қазақстандық боксшының қарсыласы, кувейттік Саид Сальбрахани кездесуден бас тартты. Осылайша, Әбілхан автоматты түрде келесі кезеңге өтті.
Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде төрт қазақстандық спортшы сынға түсті. 56 келідегі Сабырхан Махмұд пен 60 келідегі Серік Теміржанов қарсыластарына есе жіберсе, Зәкір Сафиуллин мен Әбілхан Аманқұл жарысты одан әрі жалғастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу