Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мансұр Шадукаев аса ауыр салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Мансұр қола жүлде үшін өткен кездесуде жапониялық Арата Соноданы 9:1 есебімен жеңіп, құрлықтағы үздік үш балуан қатарына енді.
Айта кетелік, кеше Мансұрдан бөлек тағы үш балуанымыз Азия чемпионатында жүлде алды. Қорлан Жақанша (55 келі) мен Азамат Күстібаев (87 келі) қола медаль иеленсе, 77 келідегі Тамерлан Шадукаев Азия біріншілігінде топ жарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу