Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

781

Бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан командасының бесінші жүлдесі.

Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

Күрес түрлерінен Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

72 келіде белдескен Ибрагим Магомадов ақтық сынға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, алтын үшін өткен белдесуде Ибрагим ирандық қарсыласы Амин Явар Кавянинежадтан ұтылды. Ирандық спортшы мерзімінен бұрын, 8:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан командасының бесінші жүлдесі. Бұған дейін Тамерлан Шадукаев (77 келі) чемпион атанса, Хорлан Жақанша (55 келі), Азамат Күстібаев (87 келі) және Мансұр Шадукаевтар (130 келі) қола медальға қол жеткізген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу