Қазақстандық садақшылар Ақбарәлі Қарабаев пен Диана Макарчук Бангладеште өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль алды, деп хабарлайды 24.kz.
Микс бағдарламасында сынға түскен спортшылар Қытай Тайпейінің қыз-жігіттерінен басым түсіп, үшінші орынға тұрақтады.
Бүгін жекелей сындағы жарыстар өтеді. Қазақстан құрамасында Айбек Сайдиев, Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев және Денис Ганькин бар. Дакка қаласындағы жиырмасыншы құрлық біріншілігі 24 қарашада басталған болатын. Азия чемпионаты жұма күні аяқталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу