Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 51 медаль иеленді

707

Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 51 медаль иеленді

Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 22 алтын, 16 күміс, 13 қола медаль иеленді. Жалпы медальдар саны – 51, деп хабарлайды 24 kz.

Қазақстан құрамасы турнир кестесінде 1 орынға жайғасты. Жеңіп алған медальдар саны бойынша екінші орында – Моңғолия құрамасы. Турнир иелері Қазақстанға алтын саны бойынша есе жіберді. Үшінші орында түрікмендік самбошылар.

Естеріңізге салайық, мамырдың 11-14 аралығында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында самбодан ересектер, жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті, Қазақстан намысын ұлттық құраманың 65 мүшесі қорғады. Турнир моңғол самбосының құрылуына 50 жыл толуына арнады.

Азия чемпионаты осы жылы 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындық саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу