Азия чемпионатында Қазақстаннан сегіз төреші бар

736

26 тамыз күні Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты басталады.

Азия чемпионатында Қазақстаннан сегіз төреші бар

Qazaq kuresi-нен Азия Чемпионатында шетелдік төрешілер төрелік ететін болады, деп хабарлайды "Қазақ күресі халықаралық федерациясы".

26 тамыз күні Астанада өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді. Олардың арасында шетелден келетін төрешілер бар.

Азия чемпионатында Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан  шақырылып отыр.

Халықаралық дәрежедегі төреші Мақсат Ахметбековтың айтуынша Қазақстан атынан Азия чемпионатында сегіз төреші бар. Ал қалғаны өзге мемлекеттерден келеді.

"Мен Қарағанды облысынан келейін деп отырмын. Барынша әділ төрелік етеміз деген ойдамыз. Өзім былтыр Әлем чемпионатында бас төреші болдым. Қазақстандық төрешілердің біліктілігі жоғары деңгейде. "Қазақстан Барысында", Қазақстан чемпионатында, ірі турнирлерде төрешілік жасап жүргендердің арасынан іріктеп алдық. Ал шетелдік төрешілерге шеберлік сыныбы өткізілетін болады. Оларды да сыртта өткен жарыстардан іріктеп алдық", - деді ол.

Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді. 

Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері спортшыларын дайындап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу