Таиланд астанасы Бангкок қаласында кадеттер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионатында батысқазақстандық Айдана Сұлтанова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернатынан түскен мәліметке қарағанда, осында оқып, жаттығатын Айдананың бапкері - Мұсабек Нарегеев. А.Сұлтанова - болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылардың бірі.
Айта кетейік, бұдан бұрын осы мектептің тағы бір шәкірті Ерлан Оңалов Бішкек қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу