"Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл күйі көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын мемлекет пен федерация қолдауының арқасында отандасымызды тағы қуантамыз, деп сенемін", – деді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу