Велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
Бахрейнде өтіп жатқан жарыста ел намысын Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бахтияр Қожатаев, Андрей Зейц және Жандос Бижігітов сынды "Астана" велоклубының шабандоздары қорғады.
Екінші орынды Жапония шабандоздары иеленсе, Гонконг спортшылары үшінші орынға табан тіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу