Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
49 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы кореялық қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды.
52 келідегі Махмұд Сабырхан өзбекстандық Мырзабек Мырзахалиловті ұтты. Ол құрлық додасының алтынына таласады.
56 келідегі Бейбарыс Жексен де ақтық сынға өтті. Жартылай финалда Бейбарыс шаршы алаң иесі моңғол боксшысынан басым түсті.
64 келідегі Дархан Дүйсебай жапониялық қарсыласып жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу