Азия даму банкі Алматы-Бішкек арасында электробус жүргізуді ұсынып отыр

564

Алматы-Ыстықкөл жаңа жолынан жыл сайын 31-165 млн доллар қаражат түседі деп күтілуде.  

Азия даму банкі Алматы-Бішкек арасында электробус жүргізуді ұсынып отыр Фото: kyrtag.kg

Алматы- Бішкек экономикалық дәлізі бойынша көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қырғыз-қазақ жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz 24.kg. сайтына сілтеме жасап.

Отырыс Қырғызстан Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары Нұрлан Қайынбаев пен Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтың төрағалығымен өтті.

Жиында "Алматы-Ыстықкөл баламалы жолының құрылысы бойынша Мемлекеттік жеке әріптестік жобасы қаралды. Сондай-ақ, Азия Даму банкінің Алматы-Бішкек бағыты бойынша электр автобустарын пайдалана отырып, тұрақты жолаушылар тасымалын іске қосу мүмкіндігі туралы ұсыныс талқыланды. Жиын соңында қырғыз және қазақ тараптары өзара тиімді іс-қимыл және жоба туралы мәселелерді келісу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы уағдаласты.

Азия Даму банкі сарапшыларының есептеуінше, Алматы-Ыстықкөл жаңа жолы Қазақстан экономикасына 31-165 миллион доллар, Қырғызстанға  5 53-439 миллион доллар әкеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу