Азия даму банкі күн электр станциясын салуға 11,5 миллион доллар қарыз берді

1405

Жобаны "Байқоңыр Солар" ЖШС жүзеге асырады.

Азия даму банкі күн электр станциясын салуға 11,5 миллион доллар қарыз берді

АДБ күн электр станциясын салуға "Байқоңыр Солар" ЖШС-ға теңгелік эквивалентпен 11,5 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз берді, деп хабарлады банк.

Бұл келісімге 5 наурызда қол қойылған.

Бұл жоба қуаттылығы 50 мегаватт күн электр станциясын жобалауды, салуды, іске қосуды, пайдалануды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу үшін қажетті инфрақұрылымды көздейді. Күн электр станциясы жылына 73 гигаватт-сағат электр энергиясын өндіретін болады. Сондай-ақ ол шамамен 150 822 фотоэлектрлік панельден, 14 орталық инверторлы электрстанциядан және бір қосалқы станциядан тұрады деп жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстанда салылатын бұл станцияның жер аумағы 150 гектарды құрайтын болады . 

"Байқоңыр Солар" ЖШС – "Baiterek Venture Fund"(BVF) АҚ  мен UG Energy Limited кәсіпорнына тиесілі Қазақстанда тіркелген арнайы жобалық компания. Ұлыбританияда орналасқан UG Energy Limited компаниясы Қазақстанда өнеркәсіптік күн қондырғыларын салумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу