"Азия даму банкі" жол салуға несие береді

121

Қарыз бойынша кепілдікті ҚР Қаржы министрлігі беріп отыр.    

"Азия даму банкі" жол салуға несие береді Фото: ҚазАвтоЖол

"Азия даму банкі" "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласын айналып өтетін жаңа жол құрылысына шамамен 370 млн доллар көлемінде несие береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылысқа қажетті сома жапон иенасымен 58,6 млрд көлемінде рәсімделген және жалпы шығынның 85 пайызын жабады. Ұзындығы 102 шақырым болатын айналма жол Сарыағашты айналып өтіп, Өзбекстанға шығатын бағытты қамтиды.

Жобаны 2030 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңа жол транзиттік көліктерді елді мекен аумағынан шығарып, жол қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда тасымалын жеделдетуге тиіс. Ал, қарыз 2045 жылға дейін өтеледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу