Азия құрлығында нәзік жандылардың саны кеміп барады, деп хабарлайды unmultimedia.org.
БҰҰ-ның халық санағы бойынша қорының мәліметінше, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Орталық Азия елдерінде кемінде 170 миллион әйел адам жетіспейді. Аталған аймақтың тұрғындары дәстүрлі түрде ұл болуын қалайды екен. Егер бұрын қыздан бас тартып немесе жай ғана өлтірген болса, қазір УДЗ пайда болғалы түсік жасату жиілеп кеткен. Бұл жағдайды БҰҰ жүйесінің бес агенттігі сорақы кемсітушілік және зорлық-зомбылық деп бағалап, қарсы шығып, айыптап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу