Азия мемлекеттерінде коронавирус өршіп барады

112

Әсіресе Үндістанның Дели, Керала және Мумбай секілді ірі қалаларында дәрігерлер дабыл қаға бастады.     

Азия мемлекеттерінде коронавирус өршіп барады Фото: fortuneindia.com

Керала қаласында мамыр айында 273 адам коронавирус жұқтырған, деп жазады inbusiness.kz сайты gulfnews.com-ға сілтеме жасап.

Ковид Үндістанның қалалық аймақтарында біртіндеп жанданып, Дели, Карнатака және Мумбай сияқты штаттар мен одақ аумақтарындағы ауруханалар жоғары дайындық жағдайына көшірілді. Себебі, осы айда Дели, Махараштра, Керала, Тамил Наду және Карнатака штаттарында жаңа жағдайлар тіркелген.

Көбінде ауру белгілері жеңіл өтіп жатыр. Десе де ауруханалар науқастарды қабылдауға жоғары дайындықта отыр. 

Науқастардың денінде JN.1 штамы анықталып отыр. Қазір індет Азияның өзге елдерінде тез таралып жатыр. Таиландта өткен аптада 16 мың адам медициналық көмекке жүгінген. Сингапурде науқастардың жағдайы асқынып, үштен бірін ауруханаға жатқызуға тура келді. Ал Гонконгта вирустан 30 адам көз жұмған.

Оңтүстік Азиядағы инфекция Omicron-ның қосалқы нұсқасы болып табылатын JN.1-мен байланысты болуы мүмкін.

Сарапшылар:  "Бұл нұсқа айтарлықтай "белсенді", - деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу