Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының түйе балуандар сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Финалда түйе балуандар жарысының алтын жүлдесіне Тәжікстан балуаны Дадахон Курбаналиев пен Грузин спортшысы Гуга Кибордзайдзе таласты. Аса тартысты өткен сында Грузияның балуаны жеңіске жетіп, 5 мың АҚШ долларын сыйлыққа алды.
Естеріңізге сала кетейік, түйе балуандар сайысында ел намысын астаналық Айбат Сейтен қорғаған болатын. Өкінішке қарай, қазақ балуаны алғашы іріктеуден сүрінбей өткенімен, ширек финалда тәжікстандық балуан Дадахон Құрбаналиевтен ұтылып қалды.
Сонымен қазақ күресінен Астанада өткен әлем чемпионатында қазақ балуандары 6 алтын, бір қола медаль еншілеп жалпы есепте топ жарды. Әлем біріншілігіне 40 мемлекеттен 166 балуан келіп қатысты. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль жиынтығын сарапқа салды.