Азия ойындары: Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

630

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда қытайлық Пейчен Ваннан 4:0 есебімен басым түсті.

Азия ойындары: Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді Фото: sports.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Айта кетсек, Асланбек Шымбергенов биыл Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, ол 2018 жылы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанса, 2017 жылы Бүкіләлемдік әскери ойындарда чемпион болды.

Енді ол ширек финалда 30 қыркүйекте өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу