Азия ойындары: боксшы Сәкен Бибосынов келесі айналымға өтті

673

1/16 финалда ол монғолиялық Орхонтунгалаг Унуболдпен жұдырықтасты.  

Азия ойындары: боксшы Сәкен Бибосынов келесі айналымға өтті Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Спортшы 51 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда монғолиялық Орхонтунгалаг Унуболдпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта төрешілер түгелдей басымдықты Сәкенге берді. Екінші, үшінші кезеңде де ештеңе өзгере қойған жоқ. Есеп – 5:0, Сәкен Бибосыновтың пайдасында.

Осылайша, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті.

Сәкен Бибосыновтың келесі қарсыласы - олимпиада чемпионы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов.

Тағы бір қазақстандық Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақта Сауд Арабиясының өкілі Рагад Ибрагим Аль-Наимиді бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға жіберіп, нокаутпен ұтты. Сөйтіп ол ширек финалға жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу