Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті

545

Батутта секіру гимнастикасы бойынша Виктория Бутолина қола жүлде алды.

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Виктория Бутолина Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында батут гимнастикасынан жарыста үшінші болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Виктория Бутолина финалда көрсеткен өнері үшін 52,600 ұпай алды.

Алтын медальді қытайлық Сюэйин Чжу жеңіп алды – 56,720 ұпай. Екінші орында Йичэн Ху (ҚХР) – 55,790 ұпай.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 37 медаль бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу