Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлде түсті

1279

Алексей Луценко 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтіп, Азиаданың екінші алтынын жеңіп алды. 

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлде түсті Фото: olympic.kz

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Топтасып жарысуда мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтіп, Азиаданың екінші алтынын жеңіп алды. 

Күміс жүлде иеленген өзбекстандық Мураджон Халмуратов біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа, ал қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қойды. 

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу