Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында әлем чемпионы Махмуд Сабырхан келесі кезеңге өтті.
Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда оңтүстіккореялық Ичань Лимен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Екінші кезеңде қарқынын үдеткен Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп – 5:0. Осылайша, Махмуд Сабырхан 1/8 финалға жолдама алды. Ол жартылай финалға шығу үшін солтүстіккореялық боксшымен таласады.
Еске салайық, бұған дейін семсерлесуден Эльмир Әлімжанов Азия ойындарының қола медалін жеңіп алғанын жаздық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу