Түркіменстан астанасы Ашхабадта жабық кешендегі Азия ойындары өтеді. Құрлық ойындарына Қазақстан спортшылары да қатысады. Олардың арасында жеңіл атлеттер де бар, деп хабарлайды prosports.kz.
Азия ойындары 17-27 қыркүйек аралығында өтеді. Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 15 спортшыны таңдап алды. Еліміздің намысын қорғайтын жеңіл атлеттердің ішінде Ольга Рыпакова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Иван Иванов секілді спорт шеберлері де бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу