Азия ойындарына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер анықталды

976

Джакартадағы Азия ойындарына елімізден 33 жеңіл атлет қатысады.

Азия ойындарына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер анықталды

25-30 тамыз аралығында Джакартадағы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер анықталды, деп хабарлайды olympic.kz. 

Шілде айында өткен Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші кезеңі, сондай-ақ, Кубок кезеңдерінің қорытындысы бойынша, құрамаға соңғы өзгерістер енгізілді. 

Осылайша, Азия ойындарына 33 қазақстандық жеңіл атлет аттанатын болды (15 ер адам мен 18 әйел адам).

Жеңіл атлетикадан ерлер арасындағы бағдарламада Қазақстан спортшылары төмендегі бағдарламалар бойынша сынға түседі: 100, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, марафон, 4*100 және 4*400 метрлік эстафета, ядро лақтыру, сырықпен секіру, биіктікке секіру және 20 шақырымға жаяу желіс. 

Жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы бағдарламада Қазақстан спортшылары төмендегі бағдарламалар бойынша сынға түседі: 100, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіру, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, , 4*100 және 4*400 метрлік эстафета, үш қарғып секіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, 20 шақырымдық жаяу желіс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу