Командалық спорт түрлерін қоса алғанда Индонезиядағы жазғы Азия ойындарына қатысқан әрбір үшінші қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті. Жалпы, ел спортшыларының 30-ы алтын, 46-сы күміс және 66-сы қола жүлде олжалап қайтты. 14 спортшы Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы һәм жүлдегері атанды, деп хабарлайды abctv.kz.
Отандастарымыз жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша 24 олимпиадалық және 3 олимпиадалық емес спорт түрінен 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медаль олжалады. Спорттың олимпиадалық түрінен спортшыларымыз 11 алтын, 17 күміс және 37 қола медаль еншіледі. Алтын жүлделер 8 спорт түрінен қоржынға түсті.
Ұлттық құрама жалпы есепте және спорттың олимпиадалық түрінен жеңіп алған медальдар саны бойынша 9-орынға ие болды.
Медальдардың жалпы саны бойынша (76 медаль) – 5-орынға табан тіреді.
Қазақстан спорттың олимпиадалық түрінен 65 медаль олжалап, медальдардың жалпы саны бойынша 4-орыннан көрінді.
Жоғарыда атап өткендей, біздің спортшылар 24 олимпиадалық спорт түрінен медальға ие болып, бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеді. Салыстырар болсақ, бізбен бәсекелер елдер ішінде Тайвань 19 спорт түрінен, Иран 18 спорт түрінен, Индонезия 17 спорт түрінен, Өзбекстан мен Үндістан 14 спорт түрінен медаль иеленді.
Біздің спортшылар алғаш рет слалом еуден (А.Куликов, қола), батутта секіруден (П.Алиев, қола), семсерлесудің шпага түрінен (Д.Алексанин, алтын), маунтинбайктен (К.Казанцев, қола), дзюдоның командалық аралас түрінен (күміс) жүлде алды.