Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсетуге Ақмола облысы атынан он спортшы өтінім берді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік XVIII Азия ойындары биылғы жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтпек.
Қазақстандық атлетшілер 42 спорт түрі бойынша сайысқа түседі.
Байрақты бәсекеде Ақмола облысы намысын Дмитрий Алексанин (семсерлесу), Ольга Колесникова (баскетбол), Теміртас Жүсіпов (бокс), Евгений Гидич (велоспорт), Бекбол Нұрланұлы (күрес), Сұлтан Жәнібек (күрес), Аян Бейсембаев (триатлон) Темірлан Теміров (триатлон) қорғағалы отыр.
Сонымен қатар қазанның 2-сі мен 13-і аралығында Джакарта қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Паралимпиадалық Азия ойындары өтеді.
Аталған додада ақмолалық екі спортшы бақ сынайды. Олар пауэрлифтингшілер Олег Гридасов пен Давид Дегтярев.