Халықаралық тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, спортшының допинг сынамасынан дростанолон метаболиті – 3α-гидрокси-2α-метил-5α-андростан-17-он анықталған. Аталған зат тыйым салынған заттар санатына жатады.
Осыған байланысты спортшыға допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығы туралы ресми хабарлама беріліп, іс қаралып біткенге дейін уақытша шеттету туралы шешім қабылданған.
Шеттету кезеңінде Аяна Болатбекқызы Азия ойындары аясындағы жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ оған жаттығуға, жаттықтырушылық қызмет атқаруға және спорттық іс-шараларға байланысты өзге де қызмет түрлеріне араласуға тыйым салынған.
Бұған дейін спортшы 26 қыркүйекте әйелдер арасындағы 1500 метрге жүгіру финалында 10-орын алған. Ал 27 қыркүйекте 800 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңінде 12-орын көрсетіп, финалға өте алмады.