Азия ойындарында спортшының балғасы төрешінің аяғына тиді

433

Балғадан жарақат алған Азия ойындарының төрешісінің жағдайы тұрақты деп бағаланды. 

Азия ойындарында спортшының балғасы төрешінің аяғына тиді Фото: Чемпионат

Кувейт спортшысы Али Занкави балға лақтыру спортынан өнер көрсету барысында келеңсіз жағдай болды, деп жазады inbusiness.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

Ханчжоудағы Азия ойындарында Кувейт спортшысы Али Занкави балға лақтыру жарысының финалында өнер көрсетті. Балға ойластырылған траекториядан ауытқып, техникалық төрешінің аяғына түсті.

Техникалық қызметкерлер темір тордың артында отырса да, ол 7,26 кг металл балғаның соққысынан құтқармайды: тор балғаның ұшу жылдамдығын азайтқанымен, толық тоқтата алмайды.

Али Занкави жәбірленушіге жүгіріп барып, судьяға бірінші көмек көрсетті — аяғына бұрау салып, қанды тоқтатты. Кейінірек дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді, оған оң жақ жіліншіктің ашық сынуы диагнозы қойылды.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары төреші мен басқа да техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарыстардағы қауіпсіздік техникасын жетілдіруді талап етті.

Нәтижесінде Али Заркави тек 8-ші орынға ғана жайғасқанымен, бұл көрсеткіш оның маусымдағы ең жақсы нәтижесі - 67,57 м.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу