Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы нешінші орында тұр

1095

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы нешінші орында тұр Фото: m.mediaindonesia.com

Біріншісі, дзюдодан Абиба Абужақынова (48 келі) – күміс, ал екіншісі Мағжан Шамшадин (60 келі) – қола.

Көш басында 29 медальмен (19 алтын, 7 күміс, 3 қола) Қытай тұр. 

Одан кейін 14 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) Оңтүстік Корея келе жатыр. 

Үшінші 13 медальмен (2 алтын, 6 күміс, 5 қола) Жапония құрамасы тұр.

Қазақстан құрамасы 2 медальмен (1 күміс, 1 қола) оныншы орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу