Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

1213

Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың тоғызыншы күні қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды, жиыны 16 медаль қоржынға түсті, оның 5-уі алтын, 5-уі күміс және 6-уы қола. Ақерке Наурызбаева (кикбоксинг), Бейімбет Қанжанов, Айжан Жылқыбаева, Ажар Кеңбейіл мен Зере Бектасқызы (барлығы - самбо) алтын медаль иеленді, ал Асылбек Смайылов, Аққал Өтебек (екеуі де самбошы), Әділ Қасқабай (жүзу), Ғабит Төлепбай мен Эльмира Сыздықовалар (екеуі де күрестен) күміс алқа тақты, қола жүлдеге Динара Сәдуақасова (шахматы), Әйгерім Рахатова (кикбоксинг), Ербол Алдухан, Жадыра Пайыз (екеуі - самбо), Жігер Зәкіров пен Бақдәулет Әлментай (екеуі күрестен) ілікті.

Құраманың жетістігі жалпы медаль саны бойынша еліміздің бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Қазір қоржында 65 медаль (20-18-27) бар. 24 қыркүйекте медаль саны бойынша алда Түрікменстан - 206 (79-58-69), екінші орында Қытай - 61 (23-21-17), үшінші орында Иран - 89 (22-18-49).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу