Азия олимпиадасында елордалық жас физиктер топ жарды

135

4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен 25-ші Азия физика олимпиадасында (APhO-2025) Астана қаласының жас физиктері жоғары нәтижеге қол жеткізді.  

Азия олимпиадасында елордалық жас физиктер топ жарды Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қазақстан құрамасының барлық 8 мүшесі жүлделі орынға ие болып, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының атынан қатысқан оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті:

Күміс медаль иегерлері:

  • Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
  • Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі;
  • Әмір Пішенбаев – Spectrum International School;
  • Артур Ким – Spectrum International School.

Қола медаль иегерлері:

  • Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі;
  • Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі.

Сонымен қатар, NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиаданың Best Female арнайы сыйлығына ие болып, ең үздік қатысушы атанды.

Жас дарындарды жарысқа дайындаған команда жетекшілері – Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу