Азия сауда-саттығы кезінде алтын фьючерстерінің бағасы өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап.
Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі COMEX-те алтын фьючерстері 1,21%-ға өсіп, 1748,00 долларға жетті. АҚШ долларының негізгі алты валюта қоржынына қатынасты USD индексі 0,10%-ға өсіп, қазір 91,525 долларға саудаланып жатыр.
COMEX-те сатылатын басқа тауарлардың бағасы өзгерді. Мысалы, мамыр айындағы күміс фьючерстерінің бағасы 1,86% -ға көтеріліп, 26,543 долларға жетті.Мыс фьючерсінің құны 0,83%-ға арзандап, 4,1108 доллар болды.
Лондондағы ICE биржасында Brent сұрыпты мұнай фьючерстерінің бағасы 2%-ға төмендеп, қазір оның бір баррелі 66,96 долларға сатылып жатыр. Бұл сұрып бағасының 67 доллардан арзан болуы 10 наурызда тіркелген еді.
Табиғат Нұрболат