АҚШ Вице-президенті Камала Харрис 19 қарашада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен АТЭЫ қорытынды кездесуі басталар алдында кездесті. Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен келіссөздерді екі ірі экономика арасындағы қарым-қатынастағы "келесі кезеңге" қадам ретінде қарастыратынын айтты. Камала Харрис АҚШ-тың "Қытаймен қақтығысқа ұмтылмайтынын" жеткізді.
Тайландта жиналған Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (АТЭЫ) ұйымы мүшелерінің көпшілігі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптайтынын айтып, келіспеушіліктерді жеңе алды. Ресей мен Қытай да АТЭЫ-ға кіретін 21 мемлекет қатарында, деп хабарлайды inbusiness.kz "Америка дауысы" сайтына сілтеме жасап.
АТЭЫ басшылары жариялаған декларация соғысқа қатысты әртүрлі көзқарастар қабылданғанымен, сауданы дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған форум қақтығыстарды шешуге арналған орын емес екені анық жазылған. Алайда, құжатта соғыс пен басқа да қауіпсіздік мәселелері "әлемдік экономикаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін" делінген.
Көшбасшылардың мәлімдемесінде көзге түсетіні - мүше елдердің көпшілігі Украинадағы соғысты бастаған Ресейді айыптап, соның салдарынан қаншама бейкүнә адамдар қаза тауып, инфляция күшейгенін жазады. Сонымен қатар, тоқтаусыз жүріп жатқан соғыс амалдары логистикалық қиындықтарға, азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуі мен қаржылық тәуекелдердің өсуіне әкелетіні атап өтілді.
Жақында Балиде G20 жасаған мәлімдеме сияқты, АТЭЫ құжаты БҰҰ Бас Ассамблеясының 2 наурыздағы қарарына сәйкес келеді, онда "Ресей Федерациясының Украинаға қарсы агрессиясы ең қатаң түрде айыпталады және [әскерлерді] Украина аумағынан толық шығаруды талап етеді".
2023 жылы АТЭЫ саммиті АҚШ-та (Сан-Франциско, Калифорния) өтеді және алдын-ала кездесулер жыл бойы елдің басқа қалаларында ұйымдастырылады.