Азия-Тынық мұхиты қор индекстері тұрақты түрде өсуде

Nikkei 225 қатарынан 7-сессияны оң динамикамен аяқтады. 

Азия-Тынық мұхиты қор индекстері тұрақты түрде өсуде Фото: google

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор индекстері өсті, жапондық индикатор жетінші сессия қатарынан оң аумақта, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Трейдерлер мен нарық қатысушылар Федералдық резервтік жүйенің (ФРЖ) жаңа есебімен, Қытай экономикасына қатысты маңызды статистиканы күтуде.

18 сәуір Қытайда бірінші тоқсандағы ЖІӨ динамикасы, сондай-ақ наурыз айындағы өнеркәсіптік өндіріс, бөлшек сауда, жұмыссыздық және елдегі негізгі капиталға салынған күрделі салымдар туралы есеп жариялануы керек.

Trading Economics сарапшылары, қаңтар-наурызда Қытай экономикасының өсу қарқыны 4%-ға дейін үдейді деп болжайды.

Ал жапондық қор индексі Nikkei 225 нарықтың жабылуына қарай 0,07%-ға көтерілді.

Қытайдың Shanghai Composite биржалық индексі 1,4%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу