Азияда әлемдегі ең ірі сауда аймағы құрылды

1045

Келісімге Азия-Тынық мұхиты аймағының 15 елі қол қойды.

Азияда әлемдегі ең ірі сауда аймағы құрылды Фото: reuters.com

Қытай, Аустралия, Жапония және Азия-Тынық мұхиты аймағының тағы 12 мемлекеті әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын құрды. Олар Оңтүстік-Азия елдері Ассоциациясының онлайн саммитінде осындай келісімге келді. 

Яғни Бруней, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия, Жаңа Зеландия елдері "Жан-жақты аймақтық экономикалық серіктестік" жөніндегі құжатқа қол қойды. 

Ескере кететін жайт, осы елдердегі халық саны шамамен 2,2 миллиардтан асады. Бұл – әлем экономикасының 30%-ы деген сөз. Келісім аясында енді осы аймақта баж салығы төмендетіледі.

Тараптар еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді 2013 жылдан бері жүргізіп келді. Бастапқыда Үндістан да келіссөздерге қатысып жүрген еді, бірақ кейін талқылауларға қатысудан бас тартты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу