Азияда миллиардерлер көбейді

1234

Азияда миллиардерлер көбейді

Әлемде миллиардер санының көптігі жағынан Азия бірінші орынға тұрақтады. Бұл туралы UBS швейцариялық банкі мен PwS компаниясының зерттеулерінде мәлім болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Азияда орташа есеппен екі күнде бір адам миллиардерлер қатарына қосылып отырады. Қазір елде 637 миллиардер бар. Оның 318-і қытайлықтар. Зерттеу нәтижелері бойынша АҚШ-та 563 қана миллиардер анықталған.

Алайда, америкалық миллиардерлердің жалпы байлығы 2,8 трлн болса, Азияда 2 трлн. Бұл көрсеткіштен де Азия алдағы төрт-бес жылда жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін.

Рейтингте Еуропа артта қылып келеді. Бір жылда бар жоғы үш адам ғана миллардер болған. Ал миллиардерлердің жалпы байлығы 1,3 триллионды құрады.

2016 жылы әлемдегі миллардерлердің жалпы байлығы 1 триллионға өсіп, 6 трлн болды. Миллиардерлердің саны бір жылда 145 адамға көбейіп, 1542 адамға жетті.

Миллиардерлердің өсуіне қор нарығының дамуы, шикізат тауары мен жылжымайтын мүлік бағасының өсуі әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу