Азиядағы ең жойқын тайфун Гонконгқа жетті

451

Қалада дүлей дауыл тұрып, арты алапат тасқынға ұласты.

Азиядағы ең жойқын тайфун Гонконгқа жетті Фото: t.me/aznovost

Ең жойқын "Рагаса" тайфуны Гонконгқа жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соның салдарынан миллиондаған адам зардап шекті. Мамандар қауіп деңгейі жоғары екенін ескертті. Осыған байланысты, Гуандун провинциясынан 2 млн-ға тарта адам эвакуацияланды. 700-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Мектептер мен кәсіпорындар да уақытша жұмысын тоқтатты.

"Рагаса" дауылы өткен аптада Тынық мұхитының батысына соқты. Салдарынан Тайванда 17 адам опат болып, тағы 18 адам ауыр жарақат алған. Сондай-ақ 124 адам із-түссіз жоғалып кеткендер тізімінде.

Сарапшылар тайфун әлі де қалаға жақын аумақтарда қауіп төндіріп тұрғанын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу