"Азық-түлік корпорациясы" ұлттық компаниясы өз қызметінің қорытындысы бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанында таяу және алыс шетелдерге 22 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақыл экспорттады.
"20 мың тонна дәнді және майлы дақылдың ішінде Қытайға – 10 мың тонна бидай, Әзербайжанға – 6 мың тонна бидай, Иранға – 3,8 мың тонна арпа және Бельгияға 2,3 мың тонна зығыр экспортталды", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге "Ақ Бидай-Терминал" АҚ Ақтау портындағы астық терминалы арқылы 105 мың тоннаға жуық астық аударған.
Сондай-ақ жыл басынан бері "Астық қоймалары" ЖШС базалары 2016 жылы 24,1 мың тонна астық қабылдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу